«Әкесі де жатқан»: Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

Қыркүйек 13, 2024 - 12:19
Қыркүйек 13, 2024 - 12:19
«Әкесі де жатқан»: Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды
Фото: facebook.com/profile

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Жаңалықты журналист Бауыржан Бабажанұлы жариялады. 

“Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!, – деп жазды медиа маманы. 

Айта кетейік, 13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтпек. Көрерменге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынамақ. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow