Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек — Президент

Тамыз 29, 2025 - 09:35
 0  23
Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек — Президент
фото: akorda.kz

Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында жазды.

Оның сөзінше, Қазақстан халқы атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауы тиіс.

— Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік — бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, — деп жазды Мемлекет басшысы.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0