«Кезінде құшақтасып жүрдіңдер ғой»: Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаева екеуі туралы айтты (ФОТО)

Тамыз 5, 2026 - 12:10
app_badging Тамыз 5, 2026 - 12:16
chat_bubble  0 visibility  30
«Кезінде құшақтасып жүрдіңдер ғой»: Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаева екеуі туралы айтты (ФОТО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беріп,  Алтынай Жорабаевамен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі Алтынай Жорабаеваның қызының тойына  шақырту алмағанын және ешқандай реніші жоқ екенін жеткізді.

«Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін!», – деп жауап берді Иманбаева. 

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде екі өнер иесінің арасына түсіп, дау тудырғысы келетіндерге үндеу жасады. 

«Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. “Кезінде құшақтасып жүрдіңіздер ғой” деп мін іздеудің де керегі жоқ. Иә, өмірдің ол кезеңдерінен де өттік, өту керек болды. Әркім өзінің өтетін жолын, өз уақытында өтеді. Бұл тақырыпты осымен жапқанымыз дұрыс болар. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін», – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0