«Хиджаб дауы»: Айдана Талғатқызының видеосы желіні қақ жарды (ВИДЕО)

Тамыз 14, 2025 - 16:11
Тамыз 14, 2025 - 16:18
«Хиджаб дауы»: Айдана Талғатқызының видеосы желіні қақ жарды (ВИДЕО)
Коллаж: Видеодан алынған кадр

Instagram желісінде қызу талқыланып жатқан видеода хиджаб киген қыз көшеде ашық киімдегі қыздарға жақындап, оларға орамал тағып көруді ұсынады. Көрініс көпшілікке қойылым секілді әсер қалдырғанымен, пікірлер алауыздыққа толы. Кей комментаторлар видеодағы блогер әрі стилист Айдана Талғатқызын «үгіт-насихат жүргізді» деген күдікпен тексеруді ұсынуда, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Айдана – хиджаб брендінің иесі, ол жиі уличный-видео түсіріп, онда қыздар көшеде киім ауыстырып, жаңа образды сыйлық ретінде алады.

Бұл жолғы ролик үш миллионнан астам қаралым жинап, желіні екіге жарды.

— «Біз сіздерге минишорт пен топик әкеліп, хиджабыңызды шеш деп жүрген жоқпыз. Сіздер неге олай жасайсыз?» – деп жазды бір қолданушы.

— «Хиджабқа қарсымын. Қазақ қыздары бұрын ондай кимеген. Қазір жастар оверсайз киеді», – деп қосты тағы бірі.

Желіде бұл оқиғаға байланысты пікірталас әлі де тоқтайтын түрі жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aidana Talgatkyzy (@aidana.style)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow