«Хиджап киіп алып, Құдайды мазақтап»: Абай Бегейдің қызы тренд түсіремін деп сынға қалды

Мамыр 20, 2025 - 21:17
Мамыр 20, 2025 - 21:18
«Хиджап киіп алып, Құдайды мазақтап»: Абай Бегейдің қызы тренд түсіремін деп сынға қалды

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуға тырысқан блогерлер — Абай Бегейдің қызы Сымбат пен алматылық блогер Сымбат Қасымова — қоғамда теріс реакция туғызған италиялық әнге видео түсіріп, сын астында қалды,деп хабарлайды Todayinfo.

Желі қолданушылары олардың әрекетін орынсыз деп бағалап, діни рәміздерді мазақ еткен деп айыптады.

Тағы оқыңыз: «Тралалело Тралала, Балерина Капучино»: Жасанды интеллект жасаған мемнің мағынасы қандай

Видеода хиджаб киіп, атышулы шетелдік әннің ырғағына билеген блогерлердің әрекеті желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Пікір қалдырушылардың көпшілігі мұндай әрекетті әдепсіз әрі дінге құрметсіздік ретінде бағалады:

«Тренд түсіреміз деп масқара болған екенсіздер», «Елдің бәрі осының мағынасын, аудармасын жарыса жазып жатыр. Соның бәрін біле тұра, елден қалмаймыз деп тренд қуалап, сұмдыққа барған екенсіздер», «Орамал тағып алып, Құдайды мазақтадың», – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow