«Қылмыстық іс қозғалуы керек»: Садыр Жапаров көп әйел алған ер адамдарға қатысты шара қолдануды тапсырды

Қырғызстанда көп әйел алған ер адамдар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Қазан 12, 2026 - 20:32
 0  2
«Қылмыстық іс қозғалуы керек»: Садыр Жапаров көп әйел алған ер адамдарға қатысты шара қолдануды тапсырды
Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көп әйел алу заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Бұл туралы ол Баткен қаласының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Кездесу барысында әйелдердің бірі күйеуінің екінші әйел алғанын айтып, президенттен көмек сұраған.

Оның сөзінше, күйеуі өзін балаларымен бірге баспанасыз қалдырған. Әйелдің шағымына жауап берген Садыр Жапаров ер адамдар отбасына жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ ол көп әйел алу деректеріне құқықтық баға беріп, заң аясында тиісті шара қолдану қажеттігін айтты.

Президент бұл мәселені бақылауға алуды прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне тапсырды. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінде көп әйел алуға қатысты жауапкершілік көзделген.

Атап айтқанда, кодекстің 176-бабына сәйкес, бұл әрекет үшін қоғамдық жұмысқа тарту, түзеу жұмыстарына жіберу немесе айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0