«Кіндігіңді жап!»: Танымал әншінің әйелі сүйінші сұраймын деп сөз естіді (ФОТО)
Өзінен алты жас кіші әнші Ринат Шамшыраққа тұрмысқа шыққан косметолог Аружан Төре көптен күткен қуанышты жаңалығын жария етті. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.
Аружан араға сегіз жыл салып, қайтадан аяғы ауыр екенін айтып, сүйіншіледі.
“Алла қаласа 8-жылдан кейін 2-рет ана атанамын. Құттықтап қойсаңыздар болады. Көп күттім, қатты қаладым, армандадым. Бөпе күтіп жүрген жандарға жұғысты болсыншы”, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Алайда бұл жаңалыққа желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Кейбірі келіншектің әнші жолдасымен ажырасып кеткенін алға тартты.
“Қалай ажырасып жүріп көтере бересіңдер”, “Қуанышты жаңалық, құтты болсын дегенмен ұятты да ұмытпайық”, “Кіндігіңді жап”, “Аман-есен босанып ал”, – деп жазды пікір қалдырушылар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0