Қырымда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады: борттағылардың бәрі қаза тапты

Сәуір 1, 2026 - 09:32
chat_bubble  0 visibility  0
Қырымда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады: борттағылардың бәрі қаза тапты
Фото: ВВС

31 наурыз күні Қырым аумағында Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ан-26 ұшағы жартасты аймаққа соғылған. Әуе кемесімен байланыс Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 18:00-де үзілген.

Ол Қырым үстімен жоспарлы бағыт бойынша ұшып бара жатқан. Ресей Қорғаныс министрлігі ұшаққа сырттан әсер болмағанын мәлімдеді.

Құтқару топтары апат орнын анықтап, борттағы барлық адамның қаза тапқанын растады.

Ведомство дерегінше, ұшақта алты экипаж мүшесі және 23 жолаушы болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0