«Қысым, жаппай жұмыстан шығу»: Оқу-ағарту министрінің үстінен Президентке ұжымдық шағым түсті

Шілде 5, 2026 - 11:35
chat_bubble  0 visibility  1
«Қысым, жаппай жұмыстан шығу»: Оқу-ағарту министрінің үстінен Президентке ұжымдық шағым түсті
Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты Президентке ұжымдық шағым жолданды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты ұжымдық шағымның мәтіні тарады. Құжаттың авторлары өздерін министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері ретінде таныстырған. Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылдың қыркүйегінен бері Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып келеді.  

Шағымда министрліктегі моральдық-психологиялық ахуалдың нашарлағаны, қызметкерлерге қысым көрсетілгені, кадрлық тұрақсыздық орын алғаны және көптеген басшылық қызметтегі мамандардың жұмыстан кеткені айтылған.

Құжат авторлары министрдің басқару стилі ұжым арасында қорқыныш пен тұрақты психологиялық қысым атмосферасын қалыптастырды деп есептейді. Сондай-ақ олар қызметтік құжаттарға қол қоюдың ұзаққа созылуы, жұмыс жүктемесінің артуы және қызметкерлердің демалыс күндері де жұмысқа тартылуы секілді мәселелерді көтерген.

Бұдан бөлек, ұжымдық хатта министрлік пен оған қарасты ұйымдарда бірқатар кадрлық шешімдерге қатысты сын айтылып, кейбір қызметкерлердің жұмыстан босатылғаны, ал бірқатары тәртіптік жазаларға ұшырағаны көрсетілген.

Шағым иелері Мемлекет басшысынан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қызметіне қатысты мәселені қарауды, өз пікірін ашық білдіруге дайын қызметкерлерді қорғауды және министрлік жұмысындағы тұрақтылықты қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауды сұраған.

Әзірге аталған құжаттың түпнұсқалығы мен онда көрсетілген деректерге қатысты Оқу-ағарту министрлігі ресми түсініктеме берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0