Қысқы Азия ойындары: Ұлттық құраманың формасына өзге елдің спортшылары қызығып жатыр
Үндістандық шорт-трекші Ноиал С Шериан Қазақстан ұлттық құрамасының қысқы Азия ойындарына арналған спорттық формасына қызығып, instagram-дағы парақшасына бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Денис Никиша қысқы Азия ойындарына арналған Қазақстан ұлттық құрамасының ресми спорттық формасын таныстырған болатын.
Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, бас киім, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді. Форманың жалпы жиынтығы 17 киімнен тұрады.
Ақ Азиада 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласында өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?