Қысқы Олимпиада: Екі спортшымыз ширек финалға шықты

Ақпан 16, 2026 - 17:19
 0  0
Қысқы Олимпиада: Екі спортшымыз ширек финалға шықты
Фото: Сали Сабиров

Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтың іріктеу жарыстары аяқталып, Қазақстан құрамасының екі спортшысы да келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлем кубогы кезеңдерінің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжіғалиев өз тобының жарысында мәреге бірінші болып жетіп, ширек финалға тікелей өтті. Ал әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы әрі Олимпиаданың ашылу салтанатында Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетіп, уақыт көрсеткіші бойынша ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл - Әжіғалиев пен Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада. Ширек финалдан басталатын шешуші жарыстар 18-інен 19 ақпанға қараған түні өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0