Kizdar.net қызметі тоқтатылды: 2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс анықталған
Алматы қаласы прокуратурасының араласуымен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың қызметіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тергеу мәліметінше, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
"Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды", делінген 2026 жылғы 15 маусымдағы қалалық прокуратура хабарламасында.
Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында екені де нақтыланады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0