Қызылордада 15 жастағы оқушыны пышақтап кетті

Қазан 8, 2025 - 09:24
chat_bubble  0 visibility  27
Қызылордада 15 жастағы оқушыны пышақтап кетті
Фото: Pixabay.com

Қызылордада мектеп оқушысына шабуыл жасалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім 15 жастағы баланы пышақтап, ауыр дене жарақатын салған, деп жазады sadaq.kz.

Жасөспірім шұғыл түрде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дәрігерлер оқушының оның кеуде тұсынан және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алғанын айтып отыр.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0