Қызылордада 4 көлік соқтығысып қалды

Сәуір 6, 2026 - 16:35
chat_bubble  0 visibility  0
Қызылордада 4 көлік соқтығысып қалды
Фото: видеодан скрин

Қызылордада бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді. Оқиға 2026 жылғы 5 сәуір күні Қызылорда қаласы Тәуелсіздік көшесінің бойында болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қызылорда қаласы Полиция Басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Аталған дерек бойынша кінәлі жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ведомство. 

Ал әлеуметтік желіде тұрғындар дәл осы Тәуелсіздік көшесінде қатты жылдамдықпен жүретінін айтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0