Қызылорданың әкімі қашан сайланатыны белгілі болды

Мамыр 7, 2026 - 23:03
 0  8
Қызылорданың әкімі қашан сайланатыны белгілі болды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қызылордада облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін депутаттар жиналысы өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тиісті хабарлама Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.

"Президенттің №912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қызылорда облысының әкімі қызметін 2022 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Нұрлыбек Нәлібаев атқарған. 6 мамырда ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0