Қордайда мұғалім оқушыны сабақ үстінде аяусыз ұрған
Жамбыл облысы Қордай ауданында домбыра пәнінің мұғалімі оқушыға күш қолданып, тоқтаусыз ұрған, деп Sadaq.kz.
Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде қайта тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Желіде тараған кадрлардан педагогтің сабақ барысында оқушыға қол көтергенін көруге болады. Видеоға пікір білдіргендер мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға берілуі қажет екенін айтып, тиісті шара қолдануды талап етті.
Кейін педагогтің өзі оқиғаға қатысты үндеу жасап, жағдайдың шамамен бір жыл бұрын болғанын айтты. Оның сөзінше, сол кезде оқушыдан және оның анасынан кешірім сұраған.
«Сол сәтте эмоцияға беріліп, мұғалімге жат қылық жасадым. Бұл ісімді ақтамаймын. Толық мойындаймын және заң алдында жауап беруге дайынмын. Бұл маған үлкен сабақ болды», – деді мұғалім.
Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы тексеру жүргізіп жатыр. Ақпаратқа сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0