Қорғаныс министрлігінің полковнигі 47 жастағы әйел зорлады деген күдікке ілінді

Шілде 9, 2025 - 17:24
 0  31
Қорғаныс министрлігінің полковнигі 47 жастағы әйел зорлады деген күдікке ілінді
Фото: liter.kz

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің полковнигі 47 жастағы Астана тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиғаның 8 шілде күні кешкісін Астанадағы әскери қалашықта орналасқан үйде болғаны айтылған. Жәбірленуші мен күдікті бұрын қарым-қатынаста болған.

Полковник қызғаныштан әйелді ұрып-соғып, зорлаған. Жәбірленуші полицияға арызданған.

Астана полиция департаменті 47 жастағы елорда тұрғынының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Арызданушының танысы болған ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0