«Көрген күнім осы»: Күйеуінен зәбір көрген әйел халықтан көмек сұрады

Қаңтар 15, 2026 - 00:01
Қаңтар 15, 2026 - 00:03
 0  2
«Көрген күнім осы»:  Күйеуінен зәбір көрген әйел  халықтан көмек  сұрады
Фото: alash.kz.

Алматы облысы Ақтерек ауылының тұрғыны күйеуінен зорлық-зомбылық көріп жүргенін айтып халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде  атқа мінген егде жастағы ер адамның әйелін жұлқылап, балағаттап  жатқан видеосы тарады. Тағы бір видеода әкесінің кішкентай қызына  ауыр  сөздер айтып жатқанын естуге болады.  Жәбірленуші әйел бұл бейнежазбаны «TikTok» желіне жариялап, кейін күйеуінің күштеуімен өшіріп тастаған. 

«Күйеуім осы, ішеді, боқтайды, балаларға тиіседі, маза бермиді. Кетейін десем артымнан атпен жетіп алды, бір жағынан бес балам бар. Көрген күнім осы», – дейді ашынған әйел.

Облыстық полиция аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева құзырлы органдар шыққанын айтып, «балалар бақылауда» деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0