Коронавирус жұқтырып келген: Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалды
Кездесу бүгін, 15 тамызда өтуі керек болған.
Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", - деп жазды ол.
Айта кетейік, кездесу бүгін, 15 тамызда өтуі керек болған. Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайтыны айтылады. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр екен.