Қостанайда бір топ адам полиция қызметкерін аяусыз соққыға жықты
Қостанайда алкогольдік ішімдік ішкен бір топ адам полиция қызметкерін аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Төбелес тал түсте болған. Бір қызығы, ешбір адам жаға жыртысқандарды арашалауға әрекет етпеген.
"Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен қыдырып жүрген. Сол сәтте қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған бір топ адамға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде олар ашық агрессия танытып, оған физикалық күш қолданған", - дейді полиция.
Полиция қызметкерін аяусыз соққыға жыққан үш адам оқиға орнында ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, соққы жеген полиция қызметкері қазір амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Жағдайы алғашқы кездегіден тәуір.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0