Қостанайда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр соққының салдарынан жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералиннің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0