Қостанайда суға кеткен көліктен үш адамның мәйіті шығарылды

Шілде 14, 2025 - 12:44
Қостанайда суға кеткен көліктен үш адамның мәйіті шығарылды
Фото: nasha.la.lv

Қостанай облысы Амангелді ауданында көліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 шілдеде Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылы маңында бірнеше адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі – бала.

Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, соның ішінде жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды.

Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow