«Көзіме жас келді»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасағандар туралы айтты

Маусым 9, 2025 - 17:16
«Көзіме жас келді»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасағандар туралы айтты
Фото: жеке парақшасынан

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына талай рет сиқырға ұшырағанымен бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол оқырмандарымен "сиқыр" тақырыбы аясында пікір алмасқан.  

"Өз басымнан өтті, талай рет ине, ойынышықтарды таптым. Кімнен екенін беске білемін. Бұл жақсы емес әрекеттер менің иманымды одан әрі өсірді. Дұғасыз үйден шықпаймын, сырттан сыйлық алмаймын дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр минустан плюс жасаймын. Бұл мен туралы", деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айжұлдыздың бөліскен бұл сырына қатысты түрлі пікір білдірді. 

"Кім болса да ондай адамнан кеткенің қандай жақсы болған", "Көзіме еріксіз жас келді", "Алла ұлық, денем тітіркеніп кетті", "Сиқыр жағандардың Құдай жазасын берсін", - деп жазды.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow