«Қуаныш Шонбай алаяқтардың атасы»: белгілі заңгер инфосығандардың құпиясын ашты (ВИДЕО)
Инфобизнестегі алаяқтар Шоңбай айтқан техникаларды пайдаланып, елді алдады. Олар көп инфобизнеске солардың техникасын қолданды.

Белгілі заңгер әрі алаяқтармен күресіп жүрген белсенді Нұрсұлтан Орынбек Sadaq Media-ның «Durbi» подкастының кезекті қонағы болды.
Ол сұқбатында инфобизнес туралы айтып, кәсіпкер Қуаныш Шоңбайды алаяқтардың атасы деп атады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Елімізге «инфобизнес» деген ұғымды алып келген Қуаныш Шоңбай болды. Ол кісі бұны мақтанып айтады. Олар инфобизнесті жақсы мақсатта алып келуі мүмкін. Оны көріп, пайда тауып, байып халыққа беріп жатқандарда бар. Бірақ көбісі алаяқ болып кетті. Өйткені олар адамның санасын улайтын бүткіл техниканы үйретті және адамның сеніміне кірудің жолын көрсетті», — дейді ол.
Заңгер инфобизнестегі алаяқтардың сауабы мен күнәсі Шоңбай бастаған топқа жазылатынын атап өтті.
«Олар өйткені инфобизнесті біздің нарыққа кіргізді, олар бұны бақылағанын нақты білмеймін, оларға бәрібір болды деп ойлаймын. Осы инфобизнестегі алаяқтар Шоңбай айтқан техникаларды пайдаланып, елді алдады. Олар көп инфобизнеске солардың техникасын қолданды. Сондықтан мен оны инфосығандықтың атасы дегенмін», - дейді заңгер.
Сіздің реакцияңыз қандай?






