Күніне 4 бөтелке энергетикалық сусын ішкен: Павлодар тұрғыны реанимацияда жатыр

Павлодарда 20 жастағы жігіт энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну салдарынан ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Жас науқас алдымен жансақтау бөліміне жатқызылып, кейінірек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен тиісті бөлімге ауыстырылды.
Ақ халаттылар оған токсикалық кардиомиопатия және жүрек қызметінің күрт нашарлауы диагнозын қойған. Мамандардың айтуынша, бұл – энергетикалық сусындардың ағзаға ұзақ уақыт бойы кері әсер етуінің нақты мысалы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






