«Құтқарыңдарыңдаршы» деп айқайлады»: Жетісайлық отбасының көршілері қайғылы жайттың мән-жайын айтты (ВИДЕО)
Бүгін Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Жетісайда болған алапат өрттен қаза тапқандардың барлығы - бір әулеттің мүшелері.
"Олар үш ағайынды. Әулет мүшелері көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан келе жатып, Алғабас ауылындағы туыстарының үйіне түнеген. Түн ортасында 360 шаршы метрлік екі қабатты коттедж отқа оранып, 12 адам көз жұмды. Өрт салдарынан үй иесі мен оның отбасы мүшелері қаза тапты", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Көршілері оқиға қалай болғанын айтты.
"Таңғы сағат 5:05-те көрдім. Келіншегі "апа, құтқарыңдаршы" деп айқайлап тұр екен. Сыртқа шыға алмай тұрды. Көршілерге жүгірдім. От лаулап жанып жатыр екен. Біреуі оянды, біреуі оянбады. Менің балам бір баласын алып шықты", - дейді Қанайым Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?