Кәрім Мәсімовтің қазір қайда екені белгілі болды
Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әлі де тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті CentralMediaNews редакциясының ресми сұрауына берген жауабында Кәрім Мәсімовтың Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырғанын хабарлаған.
Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК: ҰБТ 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: "Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру"; 4-бөлім, 366-бап: "аса ірі мөлшерде пара алу".
Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алуға тырысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?