«Көлікке отырған өзің»: Алматы облысында полиция күдіктіні ұстамай, зәбір көрген қызға қысым көрсеткен

Қаскелең қаласында 18 жастағы қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, шала жансар күйде үйдің алдына лақтырып кеткен.

Желтоқсан 17, 2024 - 14:30
Желтоқсан 17, 2024 - 15:23
«Көлікке отырған өзің»: Алматы облысында полиция күдіктіні ұстамай, зәбір көрген қызға қысым көрсеткен
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қаскелең қаласында 18 жастағы қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, шала жансар күйде үйдің алдына лақтырып кеткен. Полиция күдіктіні әлі ұстамаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«НеМолчи» қорына келген хаттың мазмұны бойынша, 16 желтоқсанда қыз күнделікті жұмысынан оралатын уақытында үйіне қайтпаған. Оның туыстары алаңдап, полицияға жүгінген. Сол уақытта үйде қалған жәбірленушінің кішкентай сіңлісі әлдекімнің қақпаны қаққанын естіп, далаға шыққанда ес-түссіз жатқан, соққыға жығылған, үсті-басының бәрі былғанған әпкесін көреді. Кішкентай қыз оны үйге сүйреп кіргізіп, душқа түсіреді. Зорлықшы қыздың танысы болған, ол қызды жұмысынан кешкі сағат 20.00 кезінде алып кетеді. Жолда сусын берген, оны бір-екі рет ұрттаған соң қыз есінен танып қалады. Қызды зорлап, қорлаған бір ғана емес, бір топ адам болуы мүмкін. Бұл оқиғаға байланысты әлі экспертиза жүргізілмеген. Полиция күдіктіні немесе күдіктілерді әлі ұстамаған.

Қыздың туыстары олар жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Себебі полиция жәбірленушіге «көлікке отырған өзің» деп дүрсе қоя берген.

Оның үстіне полиция кешкі сағат 20.00-ден түнгі сағат 2.00-дейін зорлық көріп, соққыға жығылып, әбден қорланған, есін әрең жиған қызды көзбе-көз беттестіруге шақырып, бөлімшеде ұстаған.

 «НеМолчи» қоры жәбірленушіні көзбе-көз беттестіруге алдырып, оған қысым көрсеткен Думан есімді полиция қызметкерін тексеруді сұрады. Қыздың туыстары қазір адвокат жалдаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow