«Маған шаңырақ керек»: Шымкент тұрғыны әкімнен жылап тұрып баспана сұрады (ВИДЕО)

Наурыз 13, 2025 - 17:11
«Маған шаңырақ керек»: Шымкент тұрғыны әкімнен жылап тұрып баспана сұрады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесті. Кездесуде шымкеттік жанайқайын айтып, қала басшысынан көмек сұрады, деп деп хабарлайды sadaq.kz.

"Аға, маған көмектесіңіз. 20 жыл болды қаңғырып жүргеніме. 20 жыл болды ағау. Өтінімін сізден, өтінемін ағау. Маған бір шатырымды сайлап беріңіз. Ағау сайлап беріңіз. Осы ақ шатырдың астында бізді жинап отырсыз. Өтінемін шатырымды сайлап беріңіз", - деп эмоциямен жанайқайын шығарды.

Ол өзіне шаңырақ керегін айтып, азап шегіп жүргенін жеткізді.

"Маған шаңырақ керек. 20 жыл болды шегіп жүрмін", - деді тұрғын.

Әкімдіктегілер тұрғынды сабырға шақырды. Ал қала мэрі тұрғынның өтінішін сабырмын соңына дейін тыңдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow