«Мақтанамын»: Динара Сәтжанның күйеуі «Құрмет» орденімен марапатталды
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы кәсіпкер Жұмабек Жанықұл мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл қуанышты жаңалығын кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Шырайлы Астанамыздың әкімінің қолынан ел Президентіміздің жарлығымен Құрмет орденін лайық көріп табысталды, лайықтымын ба, жоқ па білмеймін?! Бірақ мен үшін үлкен абырой мен қоса үлкен жауапкершілік деп білемін...Қазақстанымның, қоғамның әрі қарай дамуына қолымнан келгенше үлес қосуға дайынмын!»,– деп жазды ол.
Желі қолданушылары кәсіпкерді марапатымен құттықтап, тілектерін жазды.
«Халықтың көңілінен шыққан азаматсыз»,«Құтты болсын», «Марапатқа әбден лайықтысыз», «Абыройыңыз арта берсін», «Мерейіңіз өсе берсін», «Қуаныштымыз»,– деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0