Мамыр айында еліміздің 11 өңірінде құрғақшылық болады – Экология министрлігі

Мамыр 13, 2025 - 12:43
Мамыр айында еліміздің 11 өңірінде құрғақшылық болады – Экология министрлігі
Фото: Pixabay.com

Мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Министрдің айтуынша, тек астықты өңірлерде, тау бөктерлерінде және елдің оңтүстік қиырында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жуық болады деп болжанып отыр.

Қай өңірлерде құрғақшылық болады?

Болжам бойынша, мамыр айында мына аймақтарда құрғақшылық болуы мүмкін:

• Қостанай облысының оңтүстігі;
• Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс бөлігі;
• Қызылорда облысының солтүстік-батысы;
• Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстігі;
• Қарағанды облысының оңтүстігі;
• Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандары.

Нысанбаев астық егетін аймақтарда егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow