Марат Әйтенов экс-жұбайының үстінен арыз жазды
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың оқиғасына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Марат Әйтенов бұрынғы әйелін денсаулығына қасақаны зиян келтірді деп айыптады.
“А. есімді азамат денсаулығына зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелінің үстінен шағымданды. Аталған деректерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Оның аясында жарақат пен оның көлемін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?