Марқұм Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі тергеудің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Бұл тұрғыда жәбірленуші тараптың уәжі бар. Олар Нұрай күдіктінің үйіне жеткізілген кезде, оның қасында болған адамдардың қылмыстық құқық бұзу әрекетін жасауға қатысы бар-жоғын тексеру жөнінде айтты. Сонымен қатар, басқа да жағдайларды тексеріп жатырмыз", — деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Президент Шымкенттегі бойжеткеннің өліміне қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді. Қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін орталық аппараттан мамандар жіберілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0