«Май-май бегемот болып...»: Мұхтар Тайжан кейбір депутаттарды бегемотқа теңеді

Саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында кей депутаттарды бегемотқа теңеп жазба жариялады деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол депутаттардың дене пішінін сынап, жұртқа ақыл айтқанша, спортпен айналысуға кеңес берді.
“Кей әбден семіріп кеткен депутаттарға қарасам таң қаламын. Меннен кіші болса да май-май бегемот болып жұртқа ақыл айтып отырады.
Адам өз денесіне ие бола алмай қалай біреуге ақыл айтады? Өз жеке денелеріңде тәртіп орнатуға ниеттерің жетпесе не бетімен “бүкіл елде тәртіп орнатамын” деп сайрайсыңдар?
Депутаттар, бегом спортзалға!”,- деп жазды Мұхтар Тайжан .
Сіздің реакцияңыз қандай?






