Майк Тайсон елімізде жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мамыр 26, 2025 - 09:46
Майк Тайсон елімізде жекпе-жек өткізуі мүмкін
фото: әлеуметтік желіден

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, Халықаралық бокс даңқ залының мүшесі, аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды 1bol.kz.

Бұл туралы Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлімдеді.

"Біз Майк Тайсон мен аралас жекпе-жек аңызы Фёдор Емельяненко арасында кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған", — деді Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жетіп (оның ішінде 44-і нокаутпен), 7 рет жеңіліс тапқан. Былтыр ол америкалық блогер Джейк Полға есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow