Тоқаев: «Мен мемлекетшіл адаммын»

Қаңтар 5, 2026 - 10:53
Қаңтар 5, 2026 - 11:41
 0  19
Тоқаев: «Мен мемлекетшіл адаммын»
Фото: Ақорда

Прездент «Turkistan» газетіне берген сұқбатында өзі туралы да ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Мен 1975 жылы КСРО сыртқы іс­тер министрлігінің табалдырығын ал­ғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке кел­геніме былтыр 50 жыл болды. Ал­ғаш­қы мамандығым бойынша мен – қы­тай­танушымын. Бұл кәсіп айрықша та­бан­дылықты қажет етеді. Шынымен де, мә­­тінмен жұмыс істеуге әбден дағ­ды­лан­ғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдау­ларым­ды, сөйлейтін сөздерімді, мақа­ла­ларым­ды, тіпті, әріптестеріме жолдан­а­тын хаттардың бәрін тікелей өзім қа­рай­тынымды аппараттағылардың бар­лы­ғы біледі»,– дейді Президент.


«Саналы ғұмырым темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс іс­теуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келеді. Мұның бәрі менің мінез-құл­қым мен дүниетанымыма өз әсерін ти­гізді. Сондықтан, «Сіз кімсіз?» деген си­паттағы сауалыңызға қысқаша ғана «мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін»,– дейді Тоқаев.   

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0