«Мені үйрететін сендер емес»: Роза Рымбаеваның ұлы ашуға мінді (ВИДЕО)
Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев желідегі парақшасында өз ренішін жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мәди Рымбаевтың ашулы жазбасына желі қолданушыларының сыни пікірі себеп болған. Анасының ән кешінде өнер көрсеткен видеосын парақшасына жүктеген ол оқырмандарынан: "Мына клоунды кім сахнаға шығарған", "Бұлай масқара болудың не керегі бар", "Таланты жоқ", "Өз жолыңды тап, ән айту сенікі емес" деген сынды кері байланыс алған.
«Мен, қарғыс атқыр, кәсіби маманмын. Мен музыкантпын. Мені бағалап, үйрету сендердің шаруаларың емес.
Жасап жүргеннің бәрін өз қолыммен, өзім істеймін. Көзіме де, беліме де зиян келтіремін. Мен осының бәріне өмірімнің жартысынан көбін арнадым.
Ал тональдіктерді де білмей тұрып, мені үйреткісі келетіндерді тыңдап, төзгім келмейді», - деп ашуланды ол.
Сондай-ақ кәсіби маман өзін менсінбей жүргендерге де үн қатты.
«Мені менсінбегендер, бәрібір ертең алдыма қайта келесіңдер», - деді Рымбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0