Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыса алмайды

Ақпан 26, 2026 - 14:34
Ақпан 26, 2026 - 14:40
 0  5
Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыса алмайды
Фото: Сали Сабиров

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Халықаралық конькишілер одағы биылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың ресми тізімін жариялаған. Беделді жарыс 24–29 наурыз күндері Чехия астанасы Прагада өтеді.

Турнирге барлығы 36 спортшы қатысады. Олардың қатарында АҚШ өкілдері Илья Малинин мен Джейсон Браун, жапониялық Кaо Миура, Юма Кагияма, Сун Сато, сондай-ақ грузиялық Ника Егадзе және өзге де мықты спортшылар бар.

Бұл тізімде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың есімі жоқ. Қазақстан намысын аталған жарыста Диас Жиренбаев қорғайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0