Михаил Шайдоровқа Астанадан екінші пәтердің кілті табысталды
Милан Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан чемпионы Михаил Шайдоровқа ULYTAU Group компаниясы елордадан екінші пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Компанияның баспасөз қызметі пәтер табыстау сәті түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшада жариялаған.
"Көптен күткен қуанышты күн — Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа пәтер кілтін табыстау, құрмет көрсету сәті", - деп бейнежазбаға жазба қалдырған.
Желі қолданушылары бұл сыйды спортшыға әбден лайық деп санайтынын жазды.
"Сондай шынайы адам, өмірің сәттілікке толы болсын, Миша", "Құттықтаймын! Лайықты. Компанияға мың алғыс!", "Қандай әдемі қуанышқа толы күн", "Құтты қоныс болсын!", – деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0