«Мынау не деп оттап отыр?»: Меруерт Түсіпбаева әріптестеріне ренішін білдірді
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ашуға толы жазба жариялады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Өнерде жүрген әріптестеріне ренішін жеткізген. Әншінің көңіліне Арман Дүйсеновтің үлкен ұлының қазасы қатты тиген болуы керек. Біраз уақыт бұрын ғана танымал әнші Индира Елемес «Астарлы ақиқат» бағдарламасында белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің соңғы күндері жайлы айтқан болатын. Бұл көпшілікке ұнамаған еді. Ал кеше Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылайдың қайтыс болғаны туралы суыт хабар желдей есті. Әкесінің сыртынан айтылған әңгімелер бозбаланың жанына қатты тигені де, сол жағдайларды көтере алмағаны да айтылды. Меруерт Түсіпбаеваны нала қылған осы оқиғалар тізбегі болса керек. Әріптестеріне деген ренішін жасыра алмады.
Тағы оқыңыз: «Ақиқаты осы»: Арман Дүйсенов танымал әншінің жертөледегі студиясында көз жұмғаны белгілі болды
«Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беріп, марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып, сөйту керек еді, бүйту керек еді деп, масқаралау – көргенсіздік негізі. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. Ойладым да қойдым. Мұнысы несі?! Мынау не деп оттап, лағып не айтып?! Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар. Енді? «Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын, дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен, көзі кеткенімен, артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес, жауапқа тартпас, сотқа бермес, бірақ артында қалған ұрпағы, бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар?!», - деп жазған ол.
Тағы оқыңыз: «Маған хабарласты»: Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы өзінен көмек сұрағанын айтты
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?