Министрлік Бибісара Асаубаеваның үндеуіне жауап берді

Маусым 10, 2026 - 19:55
app_badging Маусым 10, 2026 - 20:44
chat_bubble  0 visibility  2
Министрлік Бибісара Асаубаеваның үндеуіне жауап берді
Фото: Sports.kz

Туризм және спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваға төленетін қаржыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Вице-министр Серік Жараспаевтың айтуынша, 2025 жылдан бастап спортшыларды қаржыландыру басым спорт түрлерінің тізіміне сәйкес жүзеге асырылады. Ал шахмат бұл тізімге енгізілмеген.

Осыған байланысты шахматшының келісімшарт бойынша алатын төлем көлемі қайта қаралған. Сонымен қатар Жараспаев Бибісара Асаубаеваға көрсетілетін қолдау көлемі жыл сайын артып отырғанын атап өтті. 2024 жылы қор арқылы 64 млн теңге, 2025 жылы 79 млн теңге, ал 2026 жылы 100 млн теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясы арқылы да қаржыландырылады. Жалпы қолдау көлемі шамамен 210 млн теңгені (430 мың АҚШ доллары) құрайды.

«Бұл — биылғы барлық қаржы көздерін қосқандағы 210 млн теңге. Өткен жылы бұл шамамен 160 млн болды. Менің ойымша, бір спортшының халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуіне бұл қаражат жеткілікті болуы тиіс», – деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев.

Ал II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттауға қатысты Серік Жараспаев тиісті жарлыққа қол қойылғанын айтты. Алайда спортшының жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты марапатты табыстау рәсімі әзірге өткізілмеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0