Ұстаздар үшін «сүйінші» жаңалық: Аймағамбетов мұғалімдерді мәжбүрлі жұмыстан қорғайтын заң жобасы туралы хабарлады

Ақпан 17, 2026 - 23:05
Ақпан 17, 2026 - 23:13
 0  2
Ұстаздар үшін «сүйінші» жаңалық: Аймағамбетов мұғалімдерді мәжбүрлі жұмыстан қорғайтын заң жобасы туралы хабарлады
Фото: Жасанды Интеллект

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздарды әлеуметтік желі үшін видео түсіруге мәжбүрлеуді тоқтатуды көздейтін жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл туралы депутат өз парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Депутаттың айтуынша, ұстаздар бұдан былай өз міндетіне жатпайтын істерге уақыт құртпауы қажет. «Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен саналы тәрбиемен айналысуы тиіс», — дейді А. Аймағамбетов. «Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік», — деп жазды А. Аймағамбетов.

Заң жобасын талқылау келесі аптадан бастап жұмыс тобында қолға алынбақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0