«Мүлдем хабарсызбын»: Асхат Садырбай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады

Ақпан 24, 2026 - 12:14
chat_bubble  0 visibility  226
«Мүлдем хабарсызбын»: Асхат Садырбай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады
Танымал журналист Асхат Садырбай әлеуметтік желіде бұрынғы әйелінің арызы негізінде үстінен қылмыстық іс қозғалғанына қатысты мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

«Достар, бүгін мен тағы бір ақпараттық шабуылға тап болдым. Біраз адам алаңдап хабарласып жатыр. Маған 4 ай бұрын “қылмыстық іс” қозғалыпты мыс. Ең қызығы мен одан мүлдем хабарсызбын. Бұл айыптауларға қатысты өткен жылы сот болған. Оның барлық сатысынан өтіп, менің мұндай әрекет жасамағаным заңмен дәлелденген. Сот шешімі шыққан. Бірақ айыптаушы тарап сот шешімін орындамай жүргеніне жарты жыл болды. Сәл сабыр етіңіздер. Ешқандай жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Қолдауларыңызға рахмет!», – деп жазды фейсбук желісіндегі парақшасында.
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0