Назарбаев құттықтады: Тазабеков 50 жасын тойлады

Елу жасқа толған танымал ақын, медиа маман Мұхамеджан Тазабек әдетте туған күнін тойламайтынын, бірақ елу жастың жөні бөлек екенін айтты, деп жазды sadaq.kz.
«Әдетте туған күн тойлай бермеймін. Қатты мән бермегендіктен маңайым да, туыс-туғанымда үйреніп қалған. Бірақ, реті келсе құттықтап та, құттықтау қабылдап та жүре беремін. Қатып қалған қағидам жоқ… Бірақ, елудің жөні бөлек! Артыңа ойлана қарап, алдыңа үмітпен көз салатын жас… Аллаға шүкір, бүгін сол биікке көтерілдім. Аз-кем түйгенімді “Енді айтуға болады” кітабымда жаздым. Бүгін “ердің жасына келдіңіз” деп, ақ тілегін арнап жатқан ағайын көп. Алла разы болсын! Мені қуантсаңыздар, Алла сіздерді де қуантсын! Маған не тілесіңіздер, Алладан өздеріңізге мың еселеп қайтсын!», – деп жазды айтыскер ақын әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол өзін бірнеше танымал тұлға құттықтағанын атап өткен.
«Таң азанмен құттықтау хат жолдаған, туған өлкемнің басшысы, Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевке алғысым шексіз! Сыр өңірін берекеге толтырып, республикада көш бастап тұрған, ақын мен жыршының, жазушы мен драматургтың, өнерпаз бен шебердің қолдаушысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтан ақ тілек, алғыс хат келіп жетті. Алладан қайтсын!
Тұңғыш президентіміз Нұр ағаның ақсақалдық батасы мен ризашылыққа толы құттықтау хаты төбемді көкке жеткізді. Өзіңіз қалаған еліміздің әр кірпіші нығайып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






