Назарбаев пен оның үй-ішінің денсаулығы туралы ақпарат енді құпия болады - Сенат заңды мақұлдады

Олардың жеке өмірі туралы ақпараттар да жария болмайды

Желтоқсан 12, 2024 - 21:57
Желтоқсан 12, 2024 - 22:01
Назарбаев пен оның үй-ішінің денсаулығы туралы ақпарат енді құпия болады - Сенат заңды мақұлдады

Енді Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер мемлекеттік құпия саналады. Бүгін Парламент Сенаты тиісті түзету енген заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға толықтыру енгізген. Оған сәйкес, енді Қазақстан президент мен экс-президентінің жеке өміріне қатысты ақпараттар заңмен қорғалады.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі», - делінген қорытындыда.

Сенат заңды мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow