«Назарбаевтың кезінде ойын-сауық көп болатын»: Әнші Дильназ Ахмадиева түрлі кешке барғанын айтты (ВИДЕО)

Ақпан 24, 2026 - 13:22
 0  141
«Назарбаевтың кезінде ойын-сауық көп болатын»: Әнші Дильназ Ахмадиева түрлі кешке барғанын айтты (ВИДЕО)
Коллаж: sadaq.kz

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева «Замандас» подкастында елдегі әр кезеңдегі мәдени іс-шаралардың айырмашылығы туралы пікір білдірді, деп жазады Sadaq.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті болған жылдары елде түрлі ойын-сауық, кештер мен мәдени басқосулар жиі ұйымдастырылған.

"Бұрын барлығы қыдыратын. Барлығында мереке, барлығында ақша көп. Оның қалай болғанын түсіндіре де алмаймын. Назарбаевтың өзі көпшілік арасында жүргенді, тойлатқанды ұнататын еді. Қазіргі Президент мүлде басқа. Тоқаев мырза олигархтарды жинап кеш өткізді дегенді ешқашан естімеппін. Мен бұрын түрлі шенеуніктер қатысқан іс-шараларда өнер көрсеткенімде бірде бір рет ол кісіні көрген емеспін. Ал Назарбаев менің ұйғыр әндерімді жақсы көретін, шығыс биін билегенді ұнататын. Желтоқсан айы бойы әншілер Жаңа жылдық кештен босамайтын. Желтоқсанда тапқан табысың сені жарты жыл асырай алатын, қазір ондай ай жоқ", - деді ол. 

Ал қазіргі кезеңге тоқталған әнші Қасым-Жомарт Тоқаев президент болған уақытта мұндай форматтағы іс-шаралар бұрынғыдай көп байқалмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұл пікір «Замандас» подкастында айтылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0