Назарбаевтың шөбересі марқұм атасы мен ағасын еске алды

Ақпан 6, 2026 - 11:35
 0  2
Назарбаевтың шөбересі марқұм атасы мен ағасын еске алды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде марқұм атасы мен ағасын еске алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы, марқұм Рахат Әлиевтің баласы. Жуырда жарияланған видеоларының бірінде Лора марқұм атасы Рахат Әлиев пен өмірден өткен ағасы Айсұлтан Назарбаевқа арнап жазбасын салған.

Дереккөздің мәліметінше, Нұралы Әлиев пен оның жұбайы Аида Әлиева төрт бала тәрбиелеп отыр.

Биыл қаңтар айында Нұралы Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан. Сондай-ақ 10 қаңтарда Instagram желісінде The Spark of Light атты жаңа жобаны іске қосқанын хабарлады.

Лора Әлиеваның TikTok-та пайда болуы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, танымал әулет өкілдерінің жаңа қоғамдық белсенділігі қызығушылық тудырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0