Назым Қызайбай Елдос Сметовтан қарызға ақша сұрауға мәжбүл болды

Елдос өзінің Қазақстанда емес екенін айтты.

Қараша 18, 2024 - 14:45
 0  106
Назым Қызайбай Елдос Сметовтан қарызға ақша сұрауға мәжбүл болды
фото: әлеуметтік желіден

Париж олимпиадасының қола жүлдегері, танымал боксшы қыз Назым Қызайбай тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды 1bol.kz.

Сұхбат барысында Назым дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке пранк жасады. Ол даңқты дзюдошыға телефон арқылы хабарласып, қарызға ақша сұрады.

«Маған көп емес, мың доллардай ғана керек, бірер күнде қайта салып жіберемін», - деді Назым.

Елдостың не жауап бергенін Сатжанның YouTube-каналына 17 қарашада шығатын шығарылымнан көруге болады.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанса, боксшы Назым Қызайбай қола жүлдеге ие болды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0