«Ол біздің жалғыз асыраушымыз»: Әділетхан Молдаханның әйелі Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)
Танымал заңгер Әділетхан Молдаханның қамауға алынуына қатысты жұбайы Бақыт Мұсабекова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жұбайының айтуынша, заңгерге қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша іс қозғалып, 10 тәулікке қамалды. Алайда іс барысына қатысты ресми органдар тарапынан нақты әрі толық ақпарат берілмей отырғанын айтты.
"Қазір апелляциялық сотты күтудеміз. Оң нәтиже шығып, тым құрығанда үй қамаққа ауыстырады деген үмітіміз зор. Себебі тұрақты мекен-жайымыз бар. Ол біздің жалғыз асыраушымыз. Қазір оған жалған ақпарат таратты дейді. Егер ол жалған мәлімет таратқан болса, жоғарыда отырған басшылар не себепті жұмыстан шығады?! Анық-қанығын білмей отырмыз. Әділдік орнап, Әділетхан аман-есен ортамызға оралады деп ойдамыз", – деді Бақыт Мұсабекова.
Айта кетейік, бұған дейін Әділетхан Молдахан Алматыдағы резонансты жол апатына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Ол өз сөзінде оқиға болған түні бірнеше көлік қатысқан заңсыз жарыс ұйымдастырылғанын айтқан.
Қазір іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0