«Ол жақта неше түрлі жігіттер бар, барып келейін»: Трансгендер Амилай әскерге шақырту алғанын айтты (ВИДЕО)
Амилай атымен танымал трансгендер өзіне әскерге шақырту келгенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сөзінше, оған әскерден арнайы қоңырау шалып, хабарлама жіберген.
"Маған хабарласып: бауырым, қай жылғысың дейді. Мен сізге бауыр емес, қарындас боламын дедім. Содан кейін өзімнің трансгендер Амилай екенімді айттым. Маған жеке куәлігіңді алып дүйсенбіде кел деді", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, әскерге сәнденіп бару ойында барын айтты.
"Әскерге баруға дайындалайын. Шашымды, кірпігімді бәрін жасатып әскерге әдемі болып бармаймын ба? Ол жақта неше түрлі жігіттер бар ғой. Офицерлерді сындырайын", - деді трансгендер.
Желі қолданушылары болса, әскерге шақырту бойынша түрлі пікір жазды.
"До того адам жетпей жатыр ма?", "Барып кел", "Сен кетсең, басқасы сенен ұялғаннан әскерге барады", "Жынысын әскерден қашып ауыстырып жіберген жоқ па?", - деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?